Қазақстанда Шыңғысханның ұлы Жошы ханның өмірін баяндайтын алты бөлімнен тұратын, толығымен ағылшын тіліндегі деректі-драмалық сериалына ашық кастинг жалғасуда.
Туындыны түсіруді Karga Seven Pictures компаниясы "Dara" Президенттік бастамалар қорымен бірлесіп қолға алды.
Сериалдағы рөлдерге үміткерлерден өтінімдерді қабылдау аяқталды. Кандидаттарға қойылатын басты талаптар: жасы 8-ден 60-қа дейін, қазақ, орталық Азия немесе шығыс Азиядан шыққан, ағылшын тілін меңгеріп, атқа міну дағдылары болуы тиіс.
Жоба әзірлеушілері сериал түсірілімін барынша Қазақстанның жерінде жүргізіп, оған отандық киноиндустрия мамандары мен сарапшыларын қатыстыруға тырысатындарын айтады.