Биыл Қор фестиваль аясында «Fringe Fusion: Kazakhstan and Global Art Partnerships» атты іс- шараға бастамашы болды. Негізгі мақсат – жиналған халықаралық аудиторияға Қазақстанның бай мәдени мұрасын таныстыру. Қордың бұл маңызды қадамы еліміздің креативті индустрияларын халықаралық аренада дамыту жөніндегі стратегиясының маңызды бөлігі.
«Қор Қазақстанның креативті экономикасының өсуі үшін қолдау құралдарын белсенді
дамытуды жоспарлап отыр. Біздің мақсатымыз – қазақстандық таланттарға назар аударуға
және олардың тұрақты дамуы үшін жағдай жасауға ықпал ететін халықаралық серіктестік
құру», - деп атап өтті Қордың коммуникациялар және маркетинг бөлімінің директоры
Бибігүл Мақажанова.
Қор президенті Әсел Шілдебаеваның
айтуынша: «жетекші мәдени алаңдармен халықаралық әріптестікті нығайту –
Қазақстанның креативті индустрияларына деген қызығушылығын айтарлықтай
арттырмақ. Креативті жобаларды одан әрі дамытып, оларды әлемдік шығармашылық
кеңістікке біріктіруге ықпал етеді. Дегенмен, шетелдік алаңдармен тығыз ынтымақтастық
нәтижелері уақытты талап етеді, бұл қажетті әрі жүйелі процесс».