2025 жылғы 26 сәуір
Қытай, Шаньдун провинциясы
Қытай, Шаньдун провинциясы
«Дара» Президенттік бастамалар қорының басшысы Мұхамедқали Тауан Қытай Халық Республикасының Шаньдун провинциясы, Цюйфу қаласында өткен China Media Group (CMG) ұйымдастырған IV Халықаралық форумға қатысты
Форум аясында медиасаладағы технологиялық даму, жасанды интеллектке негізделген шешімдерді қолдану әрі интеграциялау мәселелері басты тақырыптардың бірі болды. Іс-шара шеңберінде медиаиндустрия өкілдері және мемлекеттік лауазымды тұлғалармен екіжақты ынтымақтастық, тәжірибе алмасу және болашағынан зор үміт күттіретін бірлескен жобаларды жүзеге асыру мәселелері талқыланған кездесулер өтті.
Сонымен қатар, іссапар аясында Қор басшысы Азиядағы ең ірі және технологиялық тұрғыда дамыған киностудиялардың бірі — Шаньдун провинциясының Циндао қаласында орналасқан China Movie Metropolis (сондай-ақ Oriental Movie Metropolis ретінде танымал) студиясына аялдады. Мұхамедқали Тауан аталмыш киностудияны әлемдік деңгейдегі алдыңғы қатарлы киножобалар орталығына айналдырған студия президенті Сун Хэнцин (Sun Hengqin) мырзамен кездесті.

Тараптар киноиндустрияны дамыту саласындағы ынтымақтастық мүмкіндіктерін, атап айтқанда, қазақстандық киноөнімдерді Қытай нарығында дистрибуциялау, студиялық алаңдарды басқару тәжірибесімен алмасу және заманауи кино инфрақұрылымын құру мәселелерін талқылады.

Бұл форумға қатысу «Дара» қорының халықаралық серіктестіктерін нығайту және Қазақстан мен Қытай арасындағы мәдени және шығармашылық диалогты ілгерілету жолындағы маңызды қадам болды.