2024 жылғы 25 тамызда «Dara» президенттік бастамалар қоры Ұлттық кооперативтер және экономикалық қоғамдастықтардың басқа да нысандары қауымдастығы» ЗТБ-нің ұйымдастырған Қытай халық республикасы жалпыұлттық жабдықтау және маркетингтік кооперативтер Федерациясымен (ACF SMC) өткен халықаралық кездесуіне қатысты. Іс-шара Қазақстан экономикасын трансформациялау үшін әйелдер кооперативтік қозғалысының әлеуетін зерттеуге бағытталған. Кездесуде Қор қатысушылардың назарын креативті индустрияларды ауыл шаруашылығына интеграциялау тақырыбына аударды. Бұл салалардың ынтымақтастығы жаңа нарықтарға, технологияларға және инвестицияларға қол жеткізуді қалай қамтамасыз ете алатынын көрсетіп, жаңа инновациялық өнімдерді жасауға ықпал етіні талқыланды.
Қытай делегациясының алдында сөз алған «Dara» президенттік бастамалар қорының президенті Әсел Шілдебаева: «Креативті индустриялар мен кооперативтік қозғалыс инновациялар мен тұрақты дамудың катализаторы бола алады. Қазақстан креативті кәсіпкерлер үшін де, инвесторлар үшін де елеулі мүмкіндіктердің алдында тұр. Осы секторға жаңа инвестициялар елдің креативті индустрияларының әлеуетін ашуға және барлық мүдделі тараптардың халықаралық аренадағы позициясын нығайтуға көмектеседі. Ауыл шаруашылығы мен креативті индустриялардың өзара әрекеттесуі мен ынтымақтастығы өзгелер кедергі көретін жерде біздің табысты болашақты құра алатын мүмкіндіктер табу қабілетімізді айғақтайды. Біздің міндетіміз – барлық мүдделі тараптарды осы жобаларды сәтті іске асыру үшін жағдай жасауға тарта отырып, Мемлекет басшысының бастамаларын қолдау».
«Қазақстандық әйелдердің бизнес қауымдастығы қоғамның барлық салаларын трансформациялау үшін қабілетті. «Әйел бір қолымен бесікті, ал екінші қолымен бүкіл әлемді тербетеді» дейтін сөзге сай, Қазақстанның әйелдері қоғамның барлық аспектілерін трансформациялау үшін қажетті дағдылар мен бастамаларға ие», - деп атап өтті Әсел Шілдебаева.