"Дарa" Президенттік бастамалар қорының Қамқоршылық кеңесінің шешімімен Қор президенті қызметіне Мұхамедқали Тауан тағайындалды.
Мұхамедқали Тауан халықаралық ынтымақтастық және корпоративтік басқару саласында ауқымды бастамаларды жүзеге асыруда үлкен тәжірибеге ие. Бұған дейін ол “ Астана” халықаралық қаржы орталығы, “Қазақстан Ұлттық Банкінің Ұлттық инвестициялық корпорациясы” АҚ және жеке құрылымдарда басшылық қызметтер атқарған.
Мұхамедқали Тауан Т. Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетінің экономика бакалавры және Қазақстан-Британ техникалық университетінің MBA дәрежесіне ие.
Қазіргі уақытта "Дара" Президенттік бастамалар қоры адам капиталы және креативті индустрияларды дамыту, сондай-ақ Қазақстанның мәдени-тарихи мұрасын сақтау бағытында бірнеше маңызды жобаларды жүзеге асыруда. Олардың қатарында ұлттық тарихты насихаттау және мәдени бірегейлікті нығайтуға бағытталған Жошы ханның өміріне арналып түсіріліп жатқан тарихи сериал бар.