Стратегиялық бағыттар
Қазақстанның мәдени мұрасын насихаттауға
ықпал ету
Біз өз тарихымыз бен дәстүрлерімізді мақтан тұтамыз және олар қазіргі қоғамдағы ауқымды дамуға шабыт бере алады деп сенеміз. Біздің қор уақыт сынынан өткен және болашақ ұрпаққа мұра болып қалған ұлттың көп қырлы мәдениетін насихаттауға күш салысуға арналған. Қор өз жобалары арқылы көпшілікке қазақстандық мәдениеттің байлығын ашуға мүмкіндік береді.
Қазақстандықтардың саналы азаматтық ұстанымын нығайтуға ықпал ету
Mықты қоғам адал азаматтықтың, яғни қоғам мүшелерінің өз іс-әрекеттеріне мән беруі, оның халық пен мемлекетке тигізетін салдарын түсінуі арқасында құрылатынына сенімдіміз. Біз азаматтық құқықтар мен міндеттердің мәнін халыққа ашуға бағытталған бастамаларды қолдаймыз.
Қазақстанда креативті индустрияларды жүйелі дамытуға ықпал ету
Мемлекет басшысы елдің креативті индустриялардағы орасан зор әлеуетін толыққанды жүзеге асыру үшін нақты қадамдар жасау қажеттілігі туралы сөз қозғайды. Біздің қор креативті индустриялардың өсуіне жағдай жасауға ұмтылады. Еліміздегі креативті экономиканың кең ауқымды дамуына тиісті үлес қосатын жобалар қолға алынуда және қолдау табуда.
Қордың іргелі кезеңдері
"Dara" Президенттік бастамалар қоры” қоғамдық қоры 2022 жылы 14 шілдеде Президент алға тартқан Қазақстанның болашағы туралы көзқарасқа сәйкес адами капиталды дамытуды қолдау мақсатында құрылды.
1
Қор өзінің назарын адам әлеуетінің өркендеуі үшін жағдай жасауға бағыттайды, өйткені қазіргі қоғамда бұл ресурс бәсекеге қабілеттіліктің негізгі факторына айналуда, ал оның әлеуеті халқымыздың болашақ келбетін анықтайды.
2
Қордың құрылуы адами капитал мен оның әлеуеті шешуші рөл атқаратын қоғамды дамытудың қажет болғандығына жауап ретінде орын алды. Біз еліміздің азаматтарына ел болашағын қалыптастыруға белсенді қатысуға мүмкіншілік бере отырып, адами әлеуетті дамыту институты болуға ұмтыламыз.
3
Біз өз рөлімізді барлық мүдделі тараптардың арасындағы байланыстырушы буын болу деп қарастырамыз. Бұл мемлекеттік институттар, бизнес қауымдастығы және үкіметтік емес ұйымдар өкілдерін қамтиды.
4
Біздің күш-жігеріміз ел азаматтарының әлеуетін дамытуға және Қазақстанның ұзақ жылдар бойы өркендеуіне ықпал ететініне сенімдіміз.
Біздің ұжым
  • АСЕЛЬ ШИЛЬДЕБАЕВА
    ҚОР БАСШЫСЫ
  • АСЕТ КЛЫШБАЕВ
    ЖОБА МЕНЕДЖЕРІ
  • АРТЕМ КИМ
    ЖОБА МЕНЕДЖЕРІ
  • ФАРИДА ШИЛИКБАЕВА
    GR МЕНЕДЖЕРІ
  • ГУЛЬНАРА НУРМУХАНБЕТ
    БУХГАЛТЕР
  • БИБІГҮЛ МАҚАЖАНОВА
    ЖОБА МЕНЕДЖЕРІ
  • МАРАТ ИБРАЕВ
    МЕНЕДЖЕР
  • САЛТАНАТ КУЛМАНОВА
    PR МЕНЕДЖЕР
Біздің жаңалықтарды бірінші болып біліңіз!
Айына бір рет біздің жаңартуларымыз бен жаңалықтарымыз туралы ақпараттық бюллетеньге жазылыңыз

Серіктестер

Егер сіз серіктес немесе демеуші болғыңыз келсе, info@daraqory.kz поштасы арқылы бізге хабарласыңыз
© 2024 «Dara» Президенттік бастамалар қоры» қоғамдық қоры
Контактілер
  • «Dara» Президенттік бастамалар қоры» қоғамдық қоры
  • Астана, Е 179, 31 офис

+7 777 217 90 10
  • info@daraqory.kz
  • Корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік
  • Pro bono. Түйіндемеңізді жіберіңіз
  • Идеяларыңызбен бөлісіңіз